ТҮРКІСТАН:СЕНБІ ЖӘНЕ ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАП, ҚЫЗМЕТТЕРІ ТОҚТАТЫЛДЫ.

ТҮРКІСТАН:СЕНБІ ЖӘНЕ ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАП, ҚЫЗМЕТТЕРІ ТОҚТАТЫЛДЫ.

Облысымызда Коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында аптаның сенбі және жексенбі яғни 25.07-26.07 күндері мобильді топтармен Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен бірлесіп сенбі, жексенбі күндері карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстарын жүргізді.


Мобильді топтармен жүргізілген 25.07.-26.07.2020ж. күндізгі және түнгі рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша 1328 нысан араланып, мониторинг барысында карантин талаптарын бұзған 206 нысан анықталды. ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен жеке тұлғаларға-158 хаттама толтырылып, 30АЕК көлемінде, жеке кәсіпкерге -25 хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқықбұзушылық туралы 183 хаттама толтырылды.
Рейд барысында сондай-ақ тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды. Атап айтар болсақ: Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекеннің жергілікті тұрғыны 32 қонақты шақырып «қыз ұзату» тойының өткізіп жатқандығы анықталды. Төлеби ауданында Зағамбар елді мекеніндегі 50-ден аса азаматтарды жинап «қыз ұзату» іс шарасын өткізу фактісі анықталған. Сайрам ауданында 50-ден аса азаматтарды жинап 1-қыз ұзату, 2-беташар,1-ұжымдық отбасылық мерекесін өткізу фактісі анықталған.Арыс ауданында 35-40 адамның басын қосып, 3-беташар,1-қыз ұзату рәсімдерін өткізіп жатқандығы, Келес ауданы Біртілек ауылдық округі, Жолбасшы елді мекенінің тұрғыны 30 қонаққа беташар өткізіп жатқандықтары анықталып, мобильдік топ тарапынан отбасылық іс-шаралар тоқтатылды. ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен той иелеріне жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айппұл салынды.


Сонымен қатар Төлеби ауданында 4 демалыс орындары жұмыс жасап жатқандығы зерделеу барысында анықталып, хаттама толтырылып, жұмысы тоқтатылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Облыс аумағында карантин режимі кезінде жиі кездесетін кемшіліктерді атап айтар болсақ:
• Тұрғындар арасында маска кию режимі сақталмауы;
• Нысандарда қызметкерлер маска кию режимін және бір рет пайдаланатын қолғапсыз қызмет көрсетілуі;
• Нысандарда антисептигі бар санитайзерлер орнатылмаған және күнделікті дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеуі;
• Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жабылған нысандар жұмыстарын жалғастыруда және уақыты шектелген нысандар уақытқа қарамастан жұмыстарын істеп тұрғандығы анықталды.

 

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары.
Карантин талаптарын сақтап, өз өзіңізді инфекциядан қорғаңыз. Жақыныңызға жанашыр болыңыЗ.

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *