Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды
Сәтбаевтағы оқиға: күдікті екі айға қамалды
Сәтбаев қаласының соты педофил деген күдікпен ұсталған азаматты қамауға алу туралы санкция шығарды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі. Бала ұрлау және зорлауға қатысты күдікті қылмыстық іс тергелгенге дейін екі ай қамауда болады.
«Сәтбаев қалалық соты 26 шілдеде екі ай мерзімге дейін қамауға алу шарасы туралы сот санкциясын шығарды», — деп хабарлады Қарағанды облыстық сотындағылар.
Артынша ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы екі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. «Ұрлау» және «Зорлау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізген.