Үндістанда коронавирус вакцинасы алғаш рет адамдарға егіліп, сынақтан өткізілуде
Үндістанда коронавирус вакцинасы алғаш рет адамдарға егіліп, сынақтан өткізілуде
Үндістан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет адамдарға егіп, сынақтан өткізуді бастады, деп хабарлады ҚазАқпарат AP агенттігіне сілтеме жасап.
Нью-Делидегі оқу ауруханасының жетекшісі Жалпыүнді медициналық ғылымдар институты жұма күні коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы сынамалық дозасын адамға салғанын мәлімдеді.
Коваксин вакцинасы — әлемдегі адамдарға сынақ жасалып жатқан жиырмаға жуық вакцинаның бірі. Жалпыүнді медициналық ғылымдар институты Коваксиннің екі фазалық Рандомизирленген, плацебо-бақыланатын, Коваксиннің қосарлы бақылау клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін медициналық зерттеулер жөніндегң Үндістанның медициналық зерттеу кеңесі таңдаған 12 мекеменің қатарына кіреді.
Айта кетейік, мұнда тәулігіне коронавирус жұқтырған 50 000 жағдай тіркелген.
Қазіргі уақытта Үндістанда СOVID-19 індетіне шалдыққан науқастардың жалпы саны 1,4 миллионнан асты. Коронавирус инфекциясынан 32 771 адам көз жұмған. Оның 705-і жексенбі күні қайтыс болған.
Еске салсақ, бұған дейін Америкалық компания коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуде жетістік барын жария етті.