ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДА АРНАЙЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДА АРНАЙЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының барысын тексеріп, арнайы штаб отырысын өткізді. Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан орын алған төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 5 елді мекенде орналасқан тұрғын үйлер зардап шекті. Бүгінде барлық баспаналар жаңадан салынып жатыр.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында 9 әлеуметтік нысан мен 895 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде, Мырзакент ауылында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін  386 үйден тұратын жаңа ықшам аудан бой көтеруде. Ондағы 196 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 тұрғын үй «Б.Утемуратов», «Салиқалы ұрпақ», «Біз Біргеміз» қорларының есебінен салынуды. Типтік жобадағы әр үйдің аумағы 100 ш.м.-ді құрайды. Дәл осы жаңа ауданнан су алған 5 ауылдың 28 үйсіз отбасы үшін де баспана салынуда. 100-ден астам адам осы уақытқа дейін монша, балабақша, жатақханаларды пана қылып келген. Сондай -ақ Фирдауси елді мекенінде 314, Өргебас ауылында 195 үйдің құрылысы қарқынды түрде жалғасуда.

Мырзакенттегі құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме тарапынан 386 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 386 үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда. 200 үйдің шатыры жабылып, ішкі сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 1550 жұмысшы мен 150 арнайы техника құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмылдырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *