ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысында  Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Үндеуінде мәлімдеген болатын. Аза тұту шарасына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, коронавирустық инфекциядан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

« Құрметті түркістандықтар! Қадірменді жерлестер! 2020 жылғы 13 шілдені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекциядан қаза тапқандарды еске алу –   Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.  Биылғы жылғы  коронавирустық инфекциясы әлем бойынша алапат шығын әкелді. Аталған дерттің салқыны елімізді де айналып өткен жоқ. Соңғы екі-үш айда қаншама отандастарымыз бен жерлестеріміз осы дерттен көз жұмып, қабырғамызды қайыстырып кетті.  Біздің мемлекетіміз үшін әрбір адамның өмірі қымбат. Десек те, аты жаман індеттен қаншама отбасы қара жамылып, ұл-қыздары,  туған-туыстары қайғы-қасіретке душар болды. Осы ретте мезгілсіз дүниеден өткен марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.  Қазақта «Тас түскен жеріне — ауыр» деген сөз бар, ендеше  бекем болыңыздар! Мен Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын», — деді Өмірзақ Естайұлы.

Қазіргі таңда облысымызда Covid-19 індетінің алдын алу, сақтану, шектеу  және науқастарды емдеу, сауықтыру  шаралары мықтап қолға алынып отыр. Науқастарды емдеу, сауықтыру  мекемелерінде  төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры  жеткілікті.  Осы ретте өңір басшысы облыс тұрғындарын қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, шектеу шараларын мейлінше ұстануға шақырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *