Министрлік коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің аты-жөнін жариялады
Министрлік коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің аты-жөнін жариялады
Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған дәрігерлерді еске алып, олардың аты-жөнін жариялады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375-тен асты, олардың қатарында медицина мамандары — провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.
⠀
Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді», — делінген министрліктің хабарламасында.
⠀
Бүгін әрқайсының атын атап еске аламыз:
⠀
«Семей медицина университеті» КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі (ШҚО) Бекжан Серікбосынұлы Бұланов, 1974 жылғы;
⠀
Медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті» КЕАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерология бөлімінің дәрігері Нұргүл Рамазанқызы Бәркібаева, 1970 жылғы;
Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 поликлиниканың кіші медицина қызметкері Айгерим Кәкімқызы Мұқашева, 1971 жылғы;
⠀
«Поликлиника 1» ЖШС орта буын медицина қызметкері (Павлодар облысы) Гүлбаршын Хасенқызы Шәріпова, 1960 жылғы;
⠀
«Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК орта буын медицина қызметкері Лошманова Ольга Васильевна, 1972 жылғы;
⠀
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, морфологиялық зерттеулер орталығының санитары (Алматы қаласы) Меркуленко Владимир Павлович, 1959 жылғы;
⠀
Байғанин аудандық ауруханасының орта буын медицина қызметкері (Ақтөбе облысы) Егеубай Құлай, 1965 жылғы;
⠀
ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының (Қызылорда облысы) ШЖҚ РМК Арал обаға қарсы күрес станциясы филиалының дәрігері Айсауытов Болатбек Нақыбайұлы, 1968 жылғы;
⠀
Ұзынағаш кенті орталық аудандық ауруханасының дәрігері (Алматы облысы) Алашбаев Бегалидин Байжонұлы, 1984 жылғы;
⠀
«Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігері (Ақмола облысы) Олег Николаевич Исаев, 1967 жылғы;
ШЖҚ МКК Егіндікөл аудандық ауруханасы (Ақмола облысы) орта буын медицина қызметкері Байғабылова Сәуле Олжабайқызы, 1974 жылғы;
⠀
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталық» ШЖҚ МКК дәрігері Қожағалиев Олжабай Мұсаипұлы, 1959 жылғы;
⠀
«№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК хирург дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, 1967 жылғы;
⠀
«Ұзынкөл аудандық ауруханасы» КМК кіші медицина қызметкерлері (Қостанай облысы) Макарова Тамара Георгиевна, 1978 жылғы;
⠀
«Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК № 9 мектебінің медбикесі (Қостанай облысы) Новоселова Елена Анатольевна, 1965 жылғы;
⠀
№2 Атырау облыстық ауруханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің инфекционисі Дәулетов Жұмабек Бағытұлы, 1956 жылғы; (еңбек өтілі 38 жыл 10 ай)
⠀
Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папугина Елена Яковлевна, 1963 жылы туған (еңбек өтілі 22 жыл)
⠀
Атырау облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері Сұлтанғалиев Ғадлет Мамбетжанұлы, 1954 жылы туған (еңбек өтілі 38 жыл 5 ай)
⠀
Алматы облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы, 1964 ж. т.
⠀
Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бұқар жырау аудандық ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы, 1963 жылғы;
⠀
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының меңгерушісі Күрекбаев Бауыржан Ордабекұлы, 1960 жылы туған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық диагностикалық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының дәрігері Мамаев Қасым Махмудұлы, 1959 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК дәрігері Садиев Орынбасар Әліпбекұлы, 1950 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы «Жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы, 1976 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Әбдіқұлова Мәриям Қабылбекқызы, 1966 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы, 1970 жылғы;
⠀
Шымкент қаласындағы «№1 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Тәжденова Ақзипа Насырқызы, 1962 жылғы.
Бүгін, 13 шілде — Қазақстанда ұлттық аза тұту күні. Бүгін түнде Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елде бірминуттық үнсіздік жарияланады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті, қайтыс болғандар саны — 375. Ал айыққандар саны — 34 190.