Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингін басқаратын болды

Астана. 16 мамыр. Baq.kz Отставкаға кеткен экс-министр Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін басқаратын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, холдингті 2013 жылдан бері басқарып келген Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың 6 мамырында ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын.

Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрлігін 2014 жылдың тамызынан бері басқарған. Ол Ақордада 2016 жылдың 5 мамырында отставкаға кеткен еді. Бұған дейін ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы (2013- 2014 жылдары) болды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар, 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *