Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшылар анықталды

Vesti.kz порталы Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат он футболшының тізімін жасады.

Transfermarkt сайтындағы мәліметке сүйенсек, рейтингте «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович көш бастап тұр. Ол 2 миллион еуроға бағаланған.

Бұл тізімде екінші орынды «Қайрат» клубының ойыншысы Жерар Гоу алды. Алматылық клубтың спортшысы 1,8 миллион еуроға бағаланған. Ал үздік үштікті «Астананың» жартылай қорғаушылары — Рохер Каньяс және Аруна Лукман қорытындылады. Олар 1,5 миллион еуроға бағаланыпты. Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *