«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партия активі өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партия активі өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Елбасы, ҚР Тұнғыш Президенті, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен партияның аймақтық филиалдарының өкілдерімен болған  кездесуді түсіндіру және аталмыш мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында қалалық партия филиалының активі өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласының әкімі, партия филиалы төрағасы  Е.Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев сонымен қатар, қалалық және аудандық филиал Саяси кеңес мүшелері,  партия ардагерлері, депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты.

Активте сөз алған Ерлан Қуанышұлы Елбасы Н.Назарбаев айтқан сайлауалды кезеңде партияның жұмысын күшейту және депутаттар жұмысы мен мәслихаттардың мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруды айтты.

Сонымен қатар, Е.Айтаханов келер жылы қаланың шеткі аймақтарын газдандыру, ауыз сумен қамту, инфрақұрылым салаларын дамытуға басымдық берілетінін айтып, осы бағытта атқарылатын істердің өз деңгейінде және сапалы орындалуын «Nur Otan» партиясының филиалы тікелей қадағалау қажет екендігін де назарға алды.

Шара барысында қалалық партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов пен мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараевтың баяндамалары тыңдалды. Жарыссөзге шыққан мәслихаттың фракция жетекшісі Б.Төлегенов фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін арттыру бойынша ұсынысын ортаға салды.

Мәжілісті қорытындылаған Ерлан Қуанышұлы партия активіне партия жұмысын жаңғыртуда белсенділік танытуға шақырды. Шара соңында  «1 желтоқсан — Тұңғыш Президенті күніне» орай партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *