Ғалым: Пандемия тағы екі жыл жалғасады

Ғалым: Пандемия тағы екі жыл жалғасады

Ғалым: Пандемия тағы екі жыл жалғасады

Билл Гейтс қорының қолдауымен Оңтүстік Кореяда вирустарды ерте сатысында анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынды, деп хабарлады «Хабар 24».

Оған онлайн режимінде Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты. Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Ким Ву Джу пандемия тағы 2 жыл жалғасады деп болжайды. Себебі адамдар коронавирустың алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтынын айтады. «Бір денсаулық» қағидасы сақталса, вирусты болмайды» — дейді ол.

Ким Ву Джу, Корея университетінің профессоры:

— Өткенде адамдар не істеді? Олар джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырды. SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды. Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы «Пандора жәшігін» ашты. Сондықтан аурулар таралуын болдырмау үшін «Бір денсаулық» қағидасын сақтау қажет. Ол адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/411767-alym-pandemiya-ta-y-eki-zhyl-zhal-asady

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *