ТМД МӘДЕНИ АСТАНАСЫ ЭСТАФЕТАСЫ ШЫМКЕНТКЕ БЕРІЛЕДІ Брест қаласы 9 желтоқсанда ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке табыстайды. 9 желтоқсанда Беларусьте Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрында салтанатты іс-шара өтеді. Мерекелік концертке ТМД елдерінің үздік өнерпаздары қатысады. Бұл жерде Брестің эстафетасын Шымкент қабылдап алады. Ал «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды. Брестке «ТМД мәдени астанасы — 2019» жабылу салтанатына ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, ТМД гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен кеңесінің басқарма мүшелері қатысады. Қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.

ТМД МӘДЕНИ АСТАНАСЫ ЭСТАФЕТАСЫ ШЫМКЕНТКЕ БЕРІЛЕДІ

Брест қаласы 9 желтоқсанда ТМД мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке табыстайды. 9 желтоқсанда Беларусьте Ленин комсомолы атындағы Брест академиялық драма театрында салтанатты іс-шара өтеді.

Мерекелік концертке ТМД елдерінің үздік өнерпаздары қатысады. Бұл жерде Брестің эстафетасын Шымкент қабылдап алады. Ал «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды.

Брестке «ТМД мәдени астанасы — 2019» жабылу салтанатына ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, ТМД гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен кеңесінің басқарма мүшелері қатысады. Қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қояды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *