Шымкентте ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері сотталды

Шымкентте ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері сотталды

Олар жүйелі түрде пара алғаны және бергені үшін кінәлі деп танылды

Фото: Абзал Қалиев

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері мен «Құт Береке» шаруа қожалығының басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлады Halyq Uni.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, іс Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

12 маусымда Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринариялық қызметтің, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына және «Құт Береке» шаруа қожалығының басшысы мен өкілдеріне үкім шықты.

Олар ветеринариялық рұқсаттар мен сертификаттар бергені, малды мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізгені, қызметтік жалғандық жасағаны, жалған құжаттарды бұрмалағаны және пайдаланғаны үшін жүйелі негізде пара алғаны және бергені үшін кінәлі деп танылды, делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Бұдан басқа, шаруа қожалығының басшысы мен ветеринариялық қызмет қызметкері мемлекет мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлген кезде 104 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды.

 Сот үкімімен кінәлі адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 1 жыл 5 айдан 7 жыл 6 айға дейін, сондай-ақ 2-ден 26 млн теңгеге дейін айыппұл тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *