«Медреседе хадис жаттамаған балаларды ұрып-соққан»: ҚМДБ түсініктеме берді

«Медреседе хадис жаттамаған балаларды ұрып-соққан»: ҚМДБ түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде видео тарады

"Медреседе хадис жаттамаған балаларды ұрып-соққан": ҚМДБ түсініктеме берді

видеодан кадр

Әлеуметтік желіде хадис жаттамаған балаларды медреседе ұрып-соққаны жайлы видео тарады, деп хабарлады Qaz365.kz.

Балалардың бірі – 9 жаста, екіншісі – 7 жаста. Олардың айтуынша, Рүстем есімді ұстаз дін сабағын оларға үйде оқытқан.

«Құрметті азаматтар, мекеме басшылары, құқық қорғау органдары мына екі азаматша бізден құқықтық, психологиялық кеңес сұрап келді. Медереседе аят, хадистерді жаттай алмағаны үшін ұрған. Екі кішкентай балалардың денесіндегі жағдайды көріп, таңғалып отырмын«, — дейді видео авторы.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы желіде тараған видеоға түсініктеме берді.

“Құрметті оқырман! Қазір «медресе» атын жамылып, діни сабақ беретін ұйымдар көбейіп кетті. Олардың жұмысын қадағалап, тыйым салу мәселесі бізді де қатты алаңдатады. Бұл видеодағы балалар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тіркелген «Шымкент» медресе-колледжіне қатысы жоқ. Қазір ғана мүфтиятқа қарасты «Шымкент» медресе-колледжінің директорымен сөйлесіп анықтадым. Ол жерде кішкентай балалар оқымайды. Сондықтан мұндай қылмыстық іске бәріміз тосқауыл болуымыз керек”, – деп жазды ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *