ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАР 2022 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ҚАНАҒАТТАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖОЛДАР 2022 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ ҚАНАҒАТТАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТЕДІ

Түркістан облысы Кентау қаласынан Қарнақ ауылына дейінгі күре жолында орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 39 шақырым болатын жолды жөндеумен «Ақжол» ЖШС-і айналысуда.


Одан бөлек, Кентау қаласынан Түркістан Халықаралық әуежайынна дейін де жаңа айналма жол салынып жатыр. Оның ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме «Береке» ЖШС-гі жолдың бірінші қабатына тас төсеу жұмыстарын жүргізуде. Екі нысан да жоспарға сәйкес 2022 жылы аяқталады.


Айта кетейік, Кентау қаласында 2020-2022 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында қаладағы жалпы ұзындығы – 76,67 шақырым болатын 131 көшеге ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған. Биылғы жылды қоса алғанда 2020 жылдан бері қалада 53,3 шақырымды құрайтын 52 көшеге орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, республикалық және субвенсия қаржыларына биыл қала мен елді мекендерде 28,3 шақырымды құрайтын ішкі жолдардың құрылысы қосымша атқарылады. 2022 жылыға қарай қала жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 100 пайызға жетеді деп күтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *