Қыркүйекте елорда оқушылары мектепке орала ма — ресми өкіл жауабы

Қыркүйекте елорда оқушылары мектепке орала ма — ресми өкіл жауабы

Ол еліміздегі эпидемиологиялық жағдай мен тіркелген ауру көлеміне байланысты.

Сурет : azh.kz12 Маусым 2020, 14:37

«Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма» деген сауалға Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жауап берді, деп хабарлады zakon.kz.

Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, тіркелген ауру көлемі 2% -дан төмен болса немесе ешқандай ауру жұқтыру жағдайы тіркелмесе, онда біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға ораламыз, ондайда балалар мектепке, студенттер өз оқу орындарында барып, білім ала алады, — деді Жанна Пірәлиева.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 1-10 сыныптарға соңғы қоңырау онлайн режимінде өтті. Тек мектеп түлектерінің аттестат алу шарасы салтанатты жағдайда өтеді, бірақ ол барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі тиіс.

https://kaz.zakon.kz/5027286-yrk-yekte-elorda-o-ushylary-mektepke.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *