Түркістанда алаяқтар 91 азаматтардан    13 млн. теңгеден аса қаржыны иемдеп алған

Түркістанда алаяқтар 91 азаматтардан    13 млн. теңгеден аса қаржыны иемдеп алған

 Өткен жылдың күзінде Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі А.Сапаров пен оның танысы М.Сулейменованың алаяқтық қылмыстық әрекеттері әшкереленді.

 

Жоғарыдағы тұлғалар 2018 жылдың наурыз айынан бастап 1,5 жыл бойы қала тұрғындарына мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы шығарып береміздеп алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын жымқырып келген.

Өз «қызметтері» үшін олар әрбір адамнан 20 000 тенгеден  бастап 240 000 теңгеге дейін мөлшерде сыйақы алып отырған. Осындай жолмен соңғылар 80 адамнан 5 млн. теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемдеп алған.

Одан бөлек, осы тұлғалар Кентау, Түркістан қалаларында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған үйлерден пәтерлер алып беремін деп алдап, 11 адамның 8,2 млн. теңге мөлшерінде қаражатты иемдеген.

Аталған тұлғаларға қатысты Түркістан қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс қалалық прокуратурамен бақылауға алынып, сотқа дейін жеткізілді.

Жақында Түркістан қалалық сотының үкімімен соңғылар Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, екеуіне 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді және орындалуға жолданды.

Жоғарыдағыларды ескере прокуратура азаматтарды осындай алаяқтарға алданбай сақ болуға шақырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен белгіленген тәртіппен ресми түрде тікелей мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттігі назарға салынады!

  Түркістан облыстық  прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *