Түркістан өңіріндегі суару науқаны 95%-ға аяқталды .

Түркістан өңіріндегі суару науқаны 95%-ға аяқталды .

Су мөлшері биыл шамамен 30% аз болды.

Түркістан өңіріндегі суару науқаны 95%-ға аяқталды

Түркістан облысында 574 мың гектар суармалы алқап бар, — деп хабарлады ERNUR.KZ.

Түркістан облысында егін-терім науқаны сәтті аяқталды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесінің директоры Денис Коновалов БАҚ өкілдеріне арнаған пресс-тур барысында мәлімдеді.

Атап өтсек, бүгінгі таңда облыс бойынша 574 мың гектар суармалы алқап бар. Ал, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесі оның 313 мың гектарын суармалы сумен қамтып отыр.

«Биылғы вегитациялық кезең су тапшылығына байланысты күрделі болды. Бізге жылда келетін су мөлшері биыл шамамен 30% аз болды. Осыған орай экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірнеше мәрте көршілес Өзбекстан еліне барып, келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде трансшекаралық «Достық», «Ханым», «Ачинау» каналдарында суды әділетті бөлу туралы келісім жасалды. Айта кету керек, Өзбекстан қиын кезеңге қарамастан өз уәдесінде тұрып, суды келісім бойынша жіберіп отырды. Ал, біздің Түркістан облыстық бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істеп, шаруаларды барынша сумен қамтыды», — дейді Денис Коновалов.

«Қазсушар» бөлімшесі бастығының айтуынша, негізінен тік дренажды ұңғымалары қазу, сорғы бекеттерін орнату және су бөгеттерін салу арқылы өңір шаруалары сумен қамтылған.

Сондай-ақ, биыл өңірде күріш дақылының көп егілуіне байланысты (Жетісай және Отырар аудандарында 5 мың тонна) өзге дәнді дақылдарға су жетіспеушілігі байқалған. Тығырықтан шығу үшін бөлімше мамандары автоматты су бөгеттерін салып, аймақтағы барлық егін алқаптарын құрғақшылықтан аман алып қалған. Нәтижесінде мақта, күріш, көкөністер мен жемістер бітік шыққан.

Бүгінгі таңда өңірдегі суару науқаны 95% аяқталды. Нәтиже жаман емес. Қазір Сырдария өзенінің сағасы бойынша ағатын су мөлшері секундына 42 текше метрді құрайды. Ол Шардара су қоймасына жинақталуда. Демек, су жеткілікті деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі таңда бөлімше суармалы жүйелерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Мәселен мұндай шаралардың бірі Түлкібас ауданында жүзеге асырылып жатыр.

«Қазір өңірдегі суару жүйелері шамамен 63% жұмыс істеп тұр. Сондықтан біз бірнеше бағдарлама бойынша жұмыс жүргізетін боламыз. Барлық каналдар жерді қазу арқылы тартылған. Ол біріншіден судың сіңіп кетуіне себеп болса, екіншіден құм құрамы да үгілгіш болып келеді. Сондықтан жылына 1-2 мәрте арналарды тазартып отырамыз. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен арналарды бетондаймыз», — деді Д. Коновалов.

«Қазсушар» РМК Түркістан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Серік Пірімқұловтың сөзінше, өңірде 6 нысан қайта жаңғыртылуда. Түлкібас ауданында – 2 нысан жаңартылып жатыр. Оның шеңберінде аудандағы ауылдардың біріне баратын 5 бөгет және 13 магистральды канал қайта іске қосылмақ. Бұл жұмыстарға 300 техника жұмылдырылған.

«Бұл каналға үлкен үміт артып отырмыз. Егін егуіміз үшін бізге бірінші кезекте су керек. Ауыл шаруашылығына қажетті жем-шөптің өсуі де осы суға байланысты. Ауылдықтар арнаның іске қосылатынын естіп қатты қуанып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстарды да көзбен көріп отырмыз», — дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ержан Әбдіхалық ақсақал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *