Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық ауруханасының инсулть бөлімшесі компьютерлік-томография аппаратымен жабдықталды

Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық ауруханасының инсулть бөлімшесі компьютерлік-томография аппаратымен жабдықталды

Компьютерлік томография аппараты орнатылған кабинеттерді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев арнайы барып ашты.   Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық аурухананың инсульт бөлімшесінде бұған дейін мұндай медициналық техника болмаған еді.  Жоғары сапалы компьютерлік томография жүйелері жапонияда шығарылған. Аудан халқына енді заманауи сәулелі зерттеуден өту үшін бұрынғыдай алыс жолға шығудың қажеті жоқ.  Нақты және сапалы медициналық тексеру аудандық аурухана қабырғасында да қол жетімді болып отыр. Дәрігерлердің  біліктіліктерін үздіксіз арттырудың арқасында, аудандық инсульт бөлімшесі Қазақстанда және шетелдерде білімін жетілдірген мамандармен толық қамтылды. Аурухананың орта буын медицина қызметкерлері де Түркістан жоғары медицина колледжінде өз  білімдерін жетілдірген. Ауруханада оңтайлы өзгерістер көп. Бұдан бөлек, оңалту орталығы ашылып, механика-терапиялық аппараттармен, емдік дене шынықтыру, массаждың дәстүрлі және инновациялық технологиялары бойынша түрлі жаттықтыру құралдарымен жабдықталған.  Орталыққа келіп,  емделушілер саны күн сайын артуда.

Пресс-служба общественного здоровья по Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *