АШ АДАМҒА БАЛЫҚ ЕМЕС ҚАРМАҚ БЕР

АШ АДАМҒА БАЛЫҚ ЕМЕС ҚАРМАҚ БЕР

 

Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бастамасымен  құзырлы орган өкілдері бірлесіп «Көксарай су реттегішінде» рейдтік шара ұйымдастырды. Табиғат сақшылары су айдынында жүрген балықшылармен жолығып карантин талаптыры мен сақтық шараларын және экологиялық мәдениетті түсіндірді. Басты мақсат жасанды көлдегі балықты аулап, шабақтарды құтқару, дейді қорықшылар. Бұл елбасы жолдауында айтқан балық шаруашылығын дамытуға негіз болмақ.

Стратегиялық маңызы бар «Көксарай су реттегіші» шарулармен қатар балықшыларға да  мол табыс табуға мүмкіндік беріп отыр. Өйткені жасанды көлде балықтың өздігінен 18 түрі пайда болған. Реттегіштегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты жылда мелеоративті балық аулау шаралары жүргізіледі. Биыл үш мекеме рұқсат алған. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Бекжан Қалымбетов  балықшылармен жүздесіп, карантиндік талаптар мен сақтық шараларын түсіндірді.

Су ретегішіндегі балық аулауға үш бірдей мекеме рұқсат алған. Оларға қойылатын талап та қатал. Қытай торларын тартуға мүлдем болмайды. Өйткені ол шірімейді. Қалған тор балыққа өте қауіпті. Қайықтарының толық құжаты болуы қажет. Тіпті  су құралын кез-келген азамат құжатсыз басқара алмайды. Көліктік бақылау инспекторлары рейд барысында 6 бірдей заң бұзушылықты анықтады. Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысы міндетін атқарушы Ғалымжан Байсейітовтің айтуынша инспекция жақында су жаңа қайық сатып алыпты. Енді инспекторлар бракониерлерді суда жүріп аңдиды, дейді.

Бақыт апай отыз жылға жуық балық шаруашылығымен айналысып келеді. Жыл онекі ай 30 ға жуық ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Маусымында 150 адамға жұмыс береді. Жылдағы тәжірибесі мен көргені балық аулау кезінде кемшіліктерге жол бермеуміне негіз болып отыр. Күнделікті балықшылармен сөйлесіп мұң-мұқтаждарын тыңдап отырамын. Су жағасын тазалау, экологияға залал тигізбеу жағын қарастырамыз. Біз жалпы қытай сеткасы дегенді қолданған емеспіз. Барлығы заң талаптарына сай. Күнделікті тіпті ауланған балықтарды құжатқа тіркеп салығын төлеп отырамын дейді кәсіпкер  Бақыт Абдуллаева.

Осыдан біраз бұрын әлеуметтік желіде көксарай су реттегішінде балық қырылып жатыр су бетінде заңсыз көлік жүр деген ақпарат тараған еді. Осыған байланысты ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасынан арнайы маман тексеруге келген.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының бас сарапшысы Жанбота Төлеуқадіров  аптадан бері су реттегішінде жүр.  Сарапшы су реттегішінің жағалауынан қырылып жатқан балықты көре алмадым дейді. Азын-аулақ заңсыздықтар болса қайыққа байланысты  ау тарту бойынша табиғат инспекторлары күнделікті бақылап кемшілікті  жойып отыр. Су айдынының тартылуына байланысты қайырлап қалған жерлердегі шабақтарды аулап терең жерлерге жіберіп жатыр. Жаппай балық қырылу жоқ. Қытай сеткасын да пайдаланып жатқанын көрмедім., дейді сарапшы.

Мамандар рейдтік тексеру барысында өзендегі балықтарды аулау заңнамалығы мен шабақтарды құтқару жұмыстарын көрді.

 

«Мұндай  рейдтік жұмыстар Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен тұрақты жүргізіліп тұрады. Құқық бұзушылықтар кездескен жағдайда аймақтық инспекторлардың қатысуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Балық өлімі тіркелмеген. Жалпы тиым салынған синтетикадан жасалған қытайлық балық аулайтын құрал-жабдықтар тіркелмеген. Тек қолданысқа рұқсат етілген балық аулайтын торлар ғана қолданылады.» деді Нұрсұлтанан келген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының бас сарапшысы Жанбота Төлеуқадіров . Су коймасында балык куткару жумыстары отуде. Онын оту барысын туракты турде Инспекция бакылып отыр .

 

Көксарай су реттегішінің жалпы сиымдылығы 3 миллиард текше метрден асады. Қазір бар жоғы 21 мың текше метр су қалыпты. Апаты ыстық  судың тартылуына әкеп соғады. Табиғат қорықшылар мен балықшылар қайырлап қалған шабақтарды аулап өзге сулар мен тұқымбақтарға жібереді. Бұл балық популяциясына оң ықпал етеді. Табиғат сақшылары басты мақсат балық аулап табыс табу емес шабақтарды құтқару дейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *