Шымкент полицейлері тұрғындарға арнайы 3 мың дана бетперде таратты

Шымкент полицейлері тұрғындарға арнайы 3 мың дана бетперде таратты

Шымкенттік полицейлер тұрғындарға арнайы “Есірткіге жол жоқ!” жазуы бар үш мың дана бетперде таратты, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою және халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында 17 тамызда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері және еріктілермен бірлесіп профилактикалық іс-шара өткізілді.

 

Іс-шара барысында халық көп жиналатын қоғамдық орындарда, соның ішінде Әл-Фараби алаңы, Арбат және “Шымкент Плаза” ойын-сауық орталығының алдында, қаланың негізгі Тәуке хан даңғылы, Б.Момышұлы мен Түркістан көшелерінің бойында тұрғындарға арнайы “Есірткіге жол жоқ!” жазуы бар үш мың дана бетперде таратылды. Қала тұрғындары полицейлердің бұл бастамасын оң көзқараспен қабылдап, алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табады.

//polisia.kz/shymkent-politsejleri-turghyndargha-arnajy-3-myng-dana-betperde-taratty/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *