МАЛЫҢЫЗДЫ ДӘРІЛЕДІҢІЗ БА?

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Шымкент қаласында 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында ауылшаруашылығы жануарларын күзгі энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.


Осыған орай, қала аумағында орналасқан қоралардағы ірі қара малдарды арнайы сұйық дәрілермен бүрку және ұсақ малдарды тоғыту шаралары басталады. Айта кетерлігі залалсыздандыру жұмыстары тек малы бар және ауылшаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қоралары бар үйлерге мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Аталған ветеринариялық шараларды жүргізу барысында мал және қора-жай иелері жұмыстың сапалы болуы үшін:
— алдын-ала өзіне меншікті аумақты механикалық тазалаудан өткізуге;
— ірі қара малдарын дезинфекторларға бүрку үшін жеткізуге;
— ұсақ малдарын арнайы тоғытуға арналған ваннаға апаруға міндетті.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруақожалық иелері өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін залалсыздандыру жұмыстарына жауаптылықпен қарауларыңызды сұранамыз!

Шымкент қаласы бойынша күзгі кенеге қарсы энзоотиялық жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *