Шағалалы Шардараның мәдениет саласы

Шардара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  хабарламасы бойынша аудан көлемінде 1 мәдениет үйі, ауылдық көлемде 9 мәдениет үйі бар болса, 10 мемлекеттік клуб мекемелері болса оның ауылдық көлемінде 9 клуб құрап отыр. (кесте-1)

2018 жылдың 9 айында   атқарылған жұмыстарының есебі:  Мәдени-көпшілік іс – шаралар саны – 519 мәдени іс-шаралар  өткізілген.

Қатысқан көрермендер саны – 314932

Аудандық мәдениет сарайы бойынша –162  іс-шара, көрермендер саны – 125350

Ауылдық мәдениет үйлері – 357  іс-шара, көрермендер саны – 189532

Жоспарға сәйкес атаулы, мерекелі күндерге арналған іс-шаралар тұрақты өз деңгейінде өткізілді. 2018 жылдың 9  айында аудан өнерпаздары 6 облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтар болсақ:

  1. Ақпан айында өткен «Арай-2018» жас эстрада әншілері және жүргізушілердің облыстық байқауында Әшірбек Жандос II- орынды иемденді.
  2. Сәуір айында аудан өнерпаздары «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты облыстық өнер фестиваліне қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін «Нұрлы жол болашаққа бастар жол»  арнайы  жүлдесімен марапатталды.
  3. Мамыр айында «Мәңгілік ел» атты облыстық жас әншілер байқауында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары  Бақберген Омаров, Эльмира Шонаева «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.
  4. Мамыр айында Мақтарал ауданында өткен «Мырзашөл жұлдыздары» атты облыстық байқауында өнерпаз Әшірбек Жандос III-орынды иемденді.
  5. Мамыр айында Кентау қаласында өткен Астана қаласының 20 жылдығына арналған композиторлардың  облыстық әндер байқауында  ауданымыздың өнерпазы А.Молдағұлов жүлделі 3 орынды иемденді.
  6. Маусым айында өткен «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауында Мнайдар Серік Болатұлы, «Қатысқаны үшін» марапатталды.
  7. Маусым айында өткен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына орай, «Айды алқа қылып берейін…» атты облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасында, Орынбасар Айтжан Орынбасарұлы «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.
  8. Шілде айында Шымкент қаласында өткен  «Ақ бата» атты  батагөй қариялардың облыстық байқауында аудандық мәдениет сарайының өнерпазы А.Айдаров 1 орынды иеленді.
  9. Тамыз айында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» жас эстрада орындаушылары арасындағы облыстық ән байқауында Жақыпбай  Гүлмарал  облыс әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды. кесте-1

Сәйкесінше мәдениет саласы бойынша аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 2018 жылдың 9 айлық есептілігінде  өткізілген іс – шаралар саны –1723 іс-шара өткізілді. Бұл іс-шаралардың басым бөлігі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихатталған.    Мұнан бөлек  аудандық клуб мекемелерінде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 2017 жылы 467 мәдени іс-шара өткізілсе салыстырмалы талдау нәтижесінде   2018 жылдың 9 айлық есептілігінде  өткізілген іс – шаралар саны –519 іс-шараға артқанын байқауға болады.  кесте-2

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *