«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңеснің қызметі

Кәсіпкерлер палатасы жанынан үш жыл бұрын құрылған іскер әйелдер Кеңесі облысымызда табысты жұмыс жасауда. Оны одан әрі дамытудың жолдарын тапқан және басымдықтарды дұрыс қоя білген кәсіпкер Алма Архабаева басқарады. Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі құрамында Түркістан облысы аудандары мен Шымкент қаласының 120 белсенді әйелдері қосылған. Іскер әйелдер кеңесі қызметі аясында облыстың барлық аудандарында бизнес жобаларды дайындау мен жүзеге асыруда практикалық көмек көрсету, бизнестің, әлеуметтік белсенді әйелдің мәртебесін көтеру бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Белсенді бизнес-вумендер іскерлік форумдарды, оқыту семинар-тренингтерін, жергілікті тауар өндіруші әйелдер жәрмеңкелері мен көрмелерін, түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізуде.

Кеңес сондай-ақ Іскер әйелдер кеңесіне бизнесте туындайтын проблемаларды шешу үшін жүгінген жұмыс жасап жатқан әйел кәсіпкерлерге де көмек көрсетуде. 2017 жылы көмек пен кеңес алу үшін өтініш берген әйелдердің жалпы саны 2981 (өтініш бергендердің жалпы санының 30% -ы).

ІӘК-нің 3 жыл жұмысы барысында облыста 3 қауымдастық құрылды: ОҚО Сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы; «Ademi style» брендімен тігіншілер кооперативі және қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы (hand made).

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың жазында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі  мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында әйелдердің бизнестік жобаларын дамыту және қолдау үшін 1 млрд. теңге бөлу туралы келісімге қол жеткізілді, оған сәйкес әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жылдық 5% мөлшерлемеде 10 млн. теңгеге дейін несие ретінде алуға болады. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша 37 жоба ұсынылды. Олардың ішінде 26,4 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылса, 28 млн. теңгеге 3 жоба мақұлданды, 37 млн. теңгеге 4 жоба қаралуда. Барлығы: жалпы сомасы 91,4 млн. теңге болатын 10 жоба.

 

Ескерту: мәліметтер «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтынан алынды (atameken.kz ).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *