Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Елбасының халыққа үндеуінде, үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бойынша  әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет екендігі. Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті болып тұрғандығы. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы қажеттігі. Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік беретіндігін. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсыратыны жөнінде өңірлерге тапсырма берген болатын.

Сәйкесінше Елбасының үшінші бастамасы бойынша Түркістан облысының қалалары мен аудандарындағы колледж студенттерін жатақханалармен қамту үшін 3530 орынға есептелген 11 жатақхананың құрылысы жүруде деп хабарлаған болатын «baq.kz» ақпараттық сайты.

Атап айтқанда, Созақ ауылындағы №1 колледжіне, Төле би ауданы Көксаек ауылындағы көпсалалы техникалық колледжіне, Кентау қаласының көпсалалы колледжіне, Түркістан медицина колледжіне, Жетісай медицина колледжіне жатақхана салу үшін өтініш берілген. Құрылыс ағымдағы жылы аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Қала, аудандар Жатақхана
1. Созақ ауылы (200 орын)
2. Төле би ауданы (160 орын),
3. Кентау қаласы (300 орын),
4. Түркістан қаласы (600 орын),
5. Жетісай ауылыны (360 орын)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *