ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДӘРІГЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДӘРІГЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

slider
Түркістан облысында 2616 медициналық қызметкер кәсіби деңгейін көтерді. Атап айтқанда, олар 33 маман кайта даярлау,  7 реаниматолог, 9 жұқпалы аурулар және 2 кардиология бойынша оқу курстарына қатысқан. Жалпы облыста 5300 дәрігер және 18600-ға жуық мейірбике бар.

Өткен жылы Түркістан облысында 1300-дей маман COVID-19 инфекциясын емдеу бойынша дәріс алды.  Сонымен қатар медициналық қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Қытай, Ресей мамандарынан онлайн форматта тәжірибе алмасқан.

Бұдан бөлек И.И. Мечнеков атындағы Солтүстік Батыс Мемлекеттік Медицина Университетінің білікті оқытушыларынан облыстағы 44 маман дәріс алған. Жалпы, Ресейдегі Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларындағы жоғарғы оқу орындарымен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнаттылған.

Қазіргі таңда Облыстық балалар ауруханасында арнайы тренинг орталықтарында әртүрлі бағыттарда 728 медициналық қызметкер оқытылды. Негізгі мақсат – дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау екені белгілі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *