Келесі жылдан бастап жаңа білім беру стандарттары енгізіледі

2016 жылдың қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептері жаңа білім беру стандарттарына көшеді. Қазір Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізінде ортақ жүйе қалыптасқан. Биыл жаңа стандарттар тәжірибе жүзінде 30 мектептің бастауыш сыныптарына енгізілген болатын. Ал мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары2012 жылдан бастап қолға алынған. Қазір жаңашылдықтың қыр-сырын меңгеріп жатқан мектептер өзге елдермен тәжірибе алмасуда. Осы орайда «Асыл бала» республикалық ұйымы мен мектепке дейінгі білім беру қауымдастығы Астанадағы № 59 мектеп-лицейде халықаралық конференция өткізді. Балалардың интелектуалдық даму деңгейін зерделеген мамандар білім берудің Қазақстандық моделі тиімді болады деп санайды. Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: — Бұл жерде инновацияға ұмтылу. Баланы жан-жақты тәрбиелеу. Тек қана білім мәселесімен шектелмей, рухани жағына мән беру. Бүгінгі сұрақтар тек қазақстандық ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар ресейлік және Беларусьтен келген ғалымдарды да тебірентіп отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *