Түркістанда Бекзат Саттарханов турнирі мәресіне жетті

Түркістанда Сидней олимпиадасының чемпионы, Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған жастар арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Турнирге екі жүзден астам боксшы қатысты. Қазақстан аймағынан бөлек, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан былғары қолғабын арқалап спортшылар келген екен. Аталған жарысқа Маңғыстау облысының боксшылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап өтетін болсақ, 60 келі салмақ дәрежесінде Берік Джедибаев топ жарып жарыстың чемпионы атанды, 56 келі салмақ дәрежесінде Нұрым Ділшат қола медаль иеленді.

Берік Джедибаев, жарыс чемпионы:

«Жарысқа келген спортшылардың дайындығы жақсы болды. Қарсыластарым осал болған жоқ, финалда Қарағындылықпен бокстастым тартысты өткен кездесуде мен жеңіске жеттім, айлар бойы дайындығым далаға кеткен жоқ. Бапкерлеріме алғыс білдіргім келеді».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *