Шымкентте жеңгетай мен төрт жезөкше ұсталды

Шымкентте жеңгетай мен төрт жезөкше ұсталды

Видеодан алынған кадрВидеодан алынған кадр

Шымкентте жеңгетай мен төрт жезөкше ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, 1 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Республика даңғылы бойында жеңгетайлықпен айналысатын екі әйел адам жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ер адамдарға ұдайы ұсынып, оларды Айбергенов көшесі №7а үйдің 12 пәтерде болған жезөкшелікпен айналысатын төрт қызбен кездестіргені анықталды.

«Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыздар полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды. Екінші жеңгетайдын жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары полиция тарапынан жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/shyimkentte-jengetay-men-tort-jezokshe-ustaldyi-309460/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *