Лука Модрич жылдың ең үздік футболшысы атанды

«Реал Мадрид» сапында өнер көрсететін Лука Модрич ФИФА марапаттауында жылдың ең үздік футболшысы атағына ие болды. Хорватиялық аяқдопшы үштікке кірген Криштиану Роналду мен Мұхамед Салахты басып озған. Мадридтік ойыншы бұл жүлдені алғаш рет алып тұр деп жазады NUR.KZ.

Ең қызығы, ФИФА ұйымдастырған марапаттау кешіне футбол әлемінің басты жұлдыздары Роналду мен Месси келмей қойған. Аяқдопшылар өз жеңісіне сенбегендіктен мерекелік кешке барудан бас тартқан көрінеді.

Роналду үздік үштік құрамына енсе, аргентиналық футболшы мүлде ол тізімде бой көрсетпеді.

Барша жанкүйерлер жылдың жаңа үздік футболшысы Лука Модричтің енді алтын допты ұтып алуға мүмкіндіктері зор екенін де айтты.

Көпшілік ұзақ жылдар бойы басқаларды шаң қаптырмаған Месси мен Роналдудың дәурені өтіп бара жатыр деседі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *