Зауыттар және өнеркәсіп саласы

Облысымыздағы кәсіпкерлік саласы жалпы республикадағы кәсіпкерлік саласының 15,5%-ын құрайды. Яғни 176 бірлік. Осығын орай биылғы жыл басынан бері кәсіпкерлікке 5 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылып 2075 адамды жұмыспен қамту қолға алынған. Сондай -ақ, «Даму» қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы ауылшаруашылығындағы несие институттары арқылы әкімдік ұтымды жағдайлар жасауда. Жаңа бағыттардың бірі, ол екінші дәрежелі банктер арқылы 1,7 млрд теңге көлемінде несиелендіру қарастырылған. Мысалы, «Даму» қоры 500 млн берсе, әкімдік тарапынан яғни, жергілікті бюджеттен 500 млн теңге берілсе шағын және орта кәсіпкерлік саласына үлкен көмек болады. Ал, бұл несиелендірудің шарттары кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы мәселен, несиенің берілу пайызы 8,5% және қайтарым кестесі де өте ыңғайлы. Бұл облыстағы кәсіпкерлік деңгейін мейлінше жоғарылатады. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар институттар қызмет атқаруды. Олар, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Даму» кәсіркерлікті дамыту қоры, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы, «Oңтүстік» аймақтық экономикалық аймағы, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ.

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Кентaу қаласында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.

  Өндірілгені
  2017 жылдың

 І ж.ж

2018 жылдың  І ж.ж
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, мың текше метр 1239,8 1 055
Тамақ өнімдерін өндіру, тонна 289 755 171 528
Сусындарды өндіру, мың литр 162 075,4 165 868,4
Тоқыма бұйымдарын өндіру, тонна 12 015 12 746,9
Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру, мың текше метр 1 012,8 102 800,9
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру, тонна 1 890 1 211
Электр жабдықтарын өндіру, мың метр 5448,6 52918,6
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, мың.кВт. сағ 313 795,2 233 401,9

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *