ШЫМКЕНТТІК САРБАЗДАР АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІК САРБАЗДАР АЛҒЫС АРҚАЛАДЫ

Мемлекет басшысы осындай қиын-қыстау кезеңде запастағы сарбаздарды әскер қатарына шақыру жөнінде Жарлыққа қол қойған еді. Оған алғашқылардың бірі болып шымкенттік жастар үн қосты. Бас-аяғы бір аптаның ішінде арнайы тексеруден өткен 100 сарбаз залалсыздандыру жұмысына кірісіп те кетті.
Бүгін ерікті жас сарбаздар қаладағы төрт ауданға 25-тен бөлініп, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Олар сәуірдің 13-і мен мамырдың 14-іне дейін алғы шепте жүреді.
Қиын-қыстау кезеңде әскери жиынға шақыртуды қабыл алып, басын бәйгеге тіккен сарбаздарға қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков сәттілік тіледі.

Әскери міндеттілер таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін қала аумағындағы шағынаудандар мен тұрғын алаптарды аралап, дәрілеу жұмыстарын жүргізеді. Айтуға оңай болғанымен таңсәріден кешке дейін 25-30 келі аппараты арқалап, химиялық сұйықтық шашу оңай шаруа емес. Бір сөзбен айтқанда шымкенттік әскери міндеттілер көзге көрінбейтін осындай игі істерімен елге деген шынайы жанашырлығын көрсетуде. ​
Қалай десек те ел үшін әрдайым жанкештілікке дайын тұратын ұлағатты ұл, батыр азамат тәрбиелеген 100 сарбаздың ата-анасына тұрғындар алғыс айтып, ризашылығын білдіруде.

 

​Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *