Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Фото: Facebook/Берік УәлиФото: Facebook/Берік Уәли

Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровты ақтық сапарға аттандырдық. Кеңсайға қойылды. Аты ғана емес, заты да Жақсылық еді жарықтықтың. Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!», — деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *