Тоқаев: Біз Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай шұғыл әрекет етіп жатырмыз

Тоқаев: Біз Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай шұғыл әрекет етіп жатырмыз

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі шұғыл әрекет ету орталығына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

ФОТО АҚОРДА

Мемлекет басшысы пандемияға қарсы еліміздегі күрес жұмыстарын үйлестіретін Орталықтың жұмысымен танысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы Президентке әлемде және Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы күресті үйлестіру және мониторинг жасау әдістері, оның ішінде ауырғандарды анықтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарда цифрлық технологияны қолдану туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған орталықтың әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайында атқаратын маңызды рөлін атап өтті және күш біріктіре отырып, оқиғаның кері әсеріне тосқауыл қоюға сенім білдірді.

Президент қазақстандықтарды тыныштық сақтауға шақырып, Үкіметке індеттің таралуына байланысты қауесеттер мен дүрбелеңге тосқауыл қою үшін азаматтарды шұғыл әрі шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету міндетін қойды. Мемлекет басшысы осыған орай қоғамға қазіргі ахуал мен мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы ақпарат тарататын ресми арналарды айқындау жөнінде тапсырма берді.

Жалпы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күресу үшін қабылданып жатқан шараларға оң баға берді.»Үкімет аз жұмыс істеген жоқ. Мамандардың бағалауынша, біз Еуропа елдеріне қарағанда айтарлықтай шұғыл әрекет етіп жатырмыз. Дегенмен бізге нәтиже керек. Халық әлі толық ақпарат ала алмай отыр, – деді мемлекет басшысы.

https://kaz.nur.kz/1846712-tokaev-biz-europa-elderine-karaganda-ajtarlyktaj-sgyl-reket-etip-zatyrmyz.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *