Түркістан облысында дәрігерді қорқытқан ер адам ұсталды

Түркістан облысында дәрігерді қорқытқан ер адам ұсталды

Видео кадры

Видео кадры

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында медицина қызметкерін қорқытқан ер адам әкімшілік қамауға алынды, — деп хабарлады Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде Мақтаарал ауданында белгісіз ер адам медицина қызметкерін қорқытып жатқан бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтаарал АПБ-не «қорқыту» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оған қоса құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін хаттама толтырылды.

Аудандық соттың қаулысымен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/turkstan-oblyisyinda-dargerd-korkyitkan-er-adam-ustaldyi-307816/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *