Шымкентте жекеменшік балабақшада 4 бүлдіршін мен тәрбиеші уланып қалды

Шымкентте жекеменшік балабақшада 4 бүлдіршін мен тәрбиеші уланып қалды

Шымкенттегі жекеменшік балабақшалардың бірінде 4 бүлдіршін мен тәрбиеші иіске уланып қалды. Қазір екі жастағы балалар мен тәрбиеленуші токсикологиялық бөлімшеге жатқызылды, деп хабарлайды

ERNUR.KZ. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, улану оқиғасы бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында орын алған. «Қаршыға» балабақшасында болжам бойынша газ колонкасының ақауынан шыққан табиғи газға 2018 ж.т. Инкар Барат, Нұрсая Рахман, Назерке Ендібаева, Ерасыл Әділ және балабақша тәрбиешісі 1993 ж.т. Гулбану Қараманова уланып қалған

. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 2 техникасы, «ҚазТрансГаз» АҚ 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмыс істеп жатыр. Ал, уланып қалған бүлдіршіндер мен тәрбиешісінің қазіргі жағдайлары орташа дәрежеде», делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *