МЕШІТ АШЫЛДЫ

Жетісай ауданына қарасты Зерделі және Кемер ауылында 2 мыңға жуың халық бар. Бірақ — та жамағаттың Аллаға құлшылық етіп, ғибадат жасауына ауылдағы аядай ғана намазхана тарлық етіп жүрген еді. Көптің тілегі қабыл болып күмбезі көкпен таласқан зәулім мешіт есігін айқара ашты. Ауылда әсем ғимарат 300 адамға арналған.

 

Мешіт құрылысына Мұхтар Каналбайұлы демеушілік етті. Әке арманын өзіне парыз санаған ел ағасы Жетісай ауданына белгілі Каналбай ақсақалдың ұлы. Әкенің балаға берген тәрбиесі ұлына көрсеткен үлгі өнегесі өз жемісін берді. Туып өскен ауылына сәулет ажарын кіргізіп тұрған діни ғимаратты салып, дүйім жұрттың алғысын арқалады.

Каналбай қажы Сейілбек – Мақтараал ауданының құрметті азаматы  

Бұрында ескі тамда мешіттің болған Иса қажы деген жігіттің басқаруындағы мешіт болған. Кейін оның орнына мынау Мұхтар рұқсатын алып олардан былтыр мешітті бастады . Міне Құдай қаласа 300 адам сиятындай мешіт салды. Міне бүгін бітіріп көпшілікке дастархан жайып батасын алу үшін әрекет етіп ниет қылып жатыр, сол ниеті қабыл болсын.
Бердіқұл Тұяқбаев  —  Ауыл қариясы 

Ал, енді мынау жамағат еліміз тәуелсіздік алғаннан бермен қарай, мынау өзіміздің дініміз, салт — дәстүріміз жалғасын тауып жатыр. Міне соны біз әдемі куәсі болып отырмыз. Каналбай көкемізден тараған ұрпақтармынау зерделі елді мекенінде бұрын жаңағы намаз оқитын, ғибадат жасайтын орындар жоқ екен, міне соны балалары бәрі ақылдасып Зерделі елді мекенінде көріп отырсыздар  үлкеен мешіттің ғимаратын салп беріп отыр.

Мешітке «Тұрған ана» есімі берілді. Салтанатты ашылуына ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының өзі арнайы келіп қатысты. Ауыл  жамағатымен мешіттің алғашқы  жұма намазын бірге оқыды. Сондай — ақ мешіттің бас имамы болып Балтабек Әбішев тағайындалды.

Балтабек Әбішев – «Тұрған ана»  мешітінің имамы
Зерделі ауылында бұрын кішігірім намазхана болатын. Оныда уақытында Иса деген атамыз қажы атамыз салып кеткен. Міне ол кісініңде ниеті шынайы екенін міне бүгінгі күн оған дәлел.

Адамның жасаған әрбір жақсылығы ескерусіз қалмайды. Ал, халықтың ыстық ықыласына бөлену игі амалдардың ішіндегі  ең  сауаптысы. Ауылға мешіт салып, демеушілік танытқан  Мұхтар Каналбайұлына жұрттың алғысы  шексіз.

Н. Мұхамеджанұлы       

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *