ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ
ТО ПД-ның бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің онлайн режимдегі есеп беруі ұйымдастырылды. Оған ПД-ның құрылымдары және облысқа қарасты 16 ауданның полиция басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру жаңа форматта,  яғни карантин талаптары толық сақталып, онлайн байланыс арқылы өткізілді.

Сонымен қатар әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфирлер жүргізілді. Алдымен облыс полицейлерінің 2020 жылдың 12 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы бейнефильм көрсетіліп, басшының баяндамасымен жалғасын тапты. Осыдан соң желіге қолданушылар тарапынан толассыз түсіп жатқан сауалдар мен ұсыныс-пікірлерге кезек берілді.
Оның ішінде мал ұрлығы, кадр саясаты мен жол белгілеріне қатысты сұрақтар көптеп қойылды. Есеп беруге желі арқылы 2000-нан астам желі қолданушысы қатысып, олардан 700-ден аса пікірлер мен сұрақтар келіп түсті. Олардың басым бөлігі ПД қызметкерлерінің жұмысына оң баға беру мен алғыстар туралы болды. Оның ішінде Бәйдібек ауданының тұрғыны жоғалған  7 бас жылқысын тауып берген тәртіп сақшыларына алғыс айтты. Онлайн арқылы облыс тұрғындарымен тікелей тілдескен генерал барлық сауалдарды жауапсыз қалдырмады. Жиынға қатысқан қала, аудандық және құрылымдық полиция басшылары да өз аумақтарына қатысты пікірлерді назарға алып, бірден жауап берді.

Сонымен қатар кездесуге келген журналистердің бірі облыс емес, нақты Түркістан қаласындағы жол-көлік апаттарының орын алуы мен статистикасы туралы сұрады. Бұл сұраққа бас полицей тоқталып өтіп, қосымша ТО ПД ЖПҚ бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов нақты көрсеткіштерді келтіре отырып жауап берді. Яғни Түркістан облысында жол-көлік оқиғалары 8,7%-ға, ал облыс орталығында 17,4 %-ға төмендеген. Қаза болғандар облыс бойынша 5,8%-ға, ал қалада 46,2%-ға азайған. Бұл көрсеткішке полицейлердің қарқынды жұмыстары мен іске қосылған бейнебақылау камераларының арқасында қол жеткізілді.
ТО ПД-ның бастығы Қ.Дәлбеков: «Жалпы облыста өткен жылы қылмыс саны 30,3%-ға, қылмыстық құқық бұзушылық 28%-ға кеміді. Республика көлемінде адам санына шаққанда Түркістан облысы қылмысы ең төмен аймақ. Десек те қылмыс санын азайтып, бұдан да жоғары көрсеткішке  қол жеткізу үшін жұмыстар жалғаса беретін болады. Сіздердің сенімді полицейлеріңіз әрқашан қызметте!»-деп атап өтті.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *