«САФ» АҚПАРАТТЫҚ АЛАҢЫ

Ақпаратдер кезінде халыққа жеткізілуі тиіс. Осы мақсатта «NurOtan» партиясының филиалында «САФ» ақпараттық алаңының алқалы кеңесі өтті. Басқосуға қалалық прокуратура, ішкі істер және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің мамандары, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.

Ғаламтор дамыған заманда теледидар мен газет-журнал тасада қалмас үшін қаламгер қарымды болуы тиіс. Айтары  анық, ойы тұшымды болса бәсекеге төтеп бере алады. Дегенмен, оқиға орын алғанда жауаптылар сұхбат беруден бастартып, ат – тонын ала қашады. Бұл олқылық құқық қорғау органдарында жиі кездеседі. Ал, блогерлер жағдайдың басында болғандықтан, интернет көмегімен ақпаратты бірінші таратады. Әйтседе бұл мәлімет анық болмауы мүмкін. Сол себепті, халық арасында кереғар ұғымдар қалыптасады.

Бахадыр Нарымбетов — «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары

БАҚ- төртінші билік өкілдері. Мамандар егер ақпарат мемлекеттік құпия болмаса, журналист ретінде ақпаратты кез-келген тәсілмен алуға, таратуға, талап етуге құқылы. Бұл ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңында жазылған. Алайда, құқық қорғау органдары мамандарының айтуынша басқарманың да ішкі тәртіптері бар. Мәлімет толық анық болмайынша, тіс жаруға рұқсат жоқ.

Сырым Абдуллаев – Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары

Айта кетейік, «Саф» ақпараттық алаңы жуырда ғана ашылды. Ұйымда елді  толғандырған өткір әрі маңызды    мәселелер  талқыланады. Оның  жұмысына  журналистер,  блогерлермен бірге   әлеуметтік  желілердің  белсенді   қолданушылары  да  қатыса  алады.  Жиын соңында Нұротандықтар түрлі сала жауаптыларына ақпаратты шұғыл беруді тапсырды.

Ә. Дәулетбекқызы                      «On'tu'stik» телеарнасының ресми сайты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *