ПАРА АЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ КЕРЕК

ПАРА АЛҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ КЕРЕК

Соңғы уақытта өңірімізде жол полициясы қызметкерлеріне ұсынылатын пара көлемі ұлғайыпты. Мәселен, бұрындары жол ережесін бұзып, полиция құрығына ілінген жүргізушілер 5-10 мың теңге мөлшерінде сыйақы ұсынатын болса, бүгінде аталған қаржының мөлшері 25 теңге. Бұл туралы арнайы жүргізілген сауалнама қорытындысына сүйеніп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің өңірдегі өкілдері мәлімдеп отыр. Департамент қызметкерлерінің айтуынша «Transparency Kazakhstan» сауалнамасына қатысқан жүз азаматтың 85-і өз мәселесін сыйақы беру арқылы шешкен.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірдегі департаментінде полицейлерге қатысты 90 іс қаралыпты. Оның ішінде 10 жағдайда қызыл жағалы қызметкерлер пара алған болса, 10 оқиғада дәлелдемелерді бұрмалаған. Сонымен қатар, 17 іс құқықбұзушылықты жасырғаны үшін қозғалған. Айтып өтейік, бұл тек ресми түрде тіркелгені. Шынайы ақпарат бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені, көп жағдайда ереже бұзып істі сыйақымен шешкендер департамент өкілдеріне жүгіне бермейді. Кезекті жиын кезінде осы мәселемен бармақ басты көз қысты әркетке барғандар жайлы ашық айтылды.

Данияр Жұматаев – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің тергеушісі

Учаскелік полиция бөлімінің инспекторы Гарифулин мақтарал ауданының тұрғыны Атамбаевтан оған тағылған айыпты яғни маневр жасау қағидасын бұзу және автокөлік жүргізу куәлігінсіз көлікті басқару айыптарын жабу үшін одан 100 мың теңге пара сұрап оны бөлімшеге шақырған.

Мұндай дәйектерді көптеп келтіруге болады. Осыны алға тартқан департамент өкілдерінің айтуынша көп жағдайда біздегі жол полициясының қызметкерлері сыбайластыққа көше бойында жол беретін көрінеді. Ол туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары мәлімдеді.

Ғанижан Асанұлы – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Жалпы сыбайлас жемқорлықтың себебі осы саладағы ол жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмау үшін. Заңсыз келісімге әрбір жүз жауап берушінің 87-і барғаны туралы айтқан. Және де параның орташа мөлшері 25 мың теңге екенін атап өткен болатын. 6 өңір айқындалған осындай сыбайлас жемқорлық бар полиция саласында. Оның ішінде Түркістан өңіріде бар.

Осындай ақпарттар айтылған жиынға облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков пен барлық аудан қаладағы басқарма бастықтары онлайн арқылы қосылды. Жиын кезінде оларда өздерінің сұрақтарын қойып жауап алды. Ал, осы саладағы сыбайластықтың алдын алу үшін ендігі жерде барлық жерде бірінші басшы жауап беретін болды.

Қайрат Дәлбеков – Түркістан облысы ПД бастығы

3 ауданды атап өтті Түркістан қалалық басқармасы Қазығұрт, Бәйдібек аудандары. Осы аудандарда жиі орын алады. Енді бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады.   \

Бұл жүйенің қаншалықты нәтижелі болатынын алдағы уақыт көрсетеді. Ал, сыбайластықтың алдын алумен күресетін мамандар тұрғындарға пара алған мен бергеннің де жазасы тең екенін ескертеді.              

М. Жарылқасын                     

  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *