«Инфрақұрылым адамдарға» қағидатын іске асырудағы Түркістан облысының жаңа келбеті

 

Қала өмірін зерттеуде, ондағы тұрғындардың қажеттілігінде қала өмірімен байланысын талдаудағы әлеуметтік-психологиялық көзқарас атақты әлеуметтанушы ғалымдардың ілімдерінен бастау алатыны сөзсіз.

Әлемдік деңгейдегі Вебер әлеуметтануы қалаға қатысты «қала өмірінің барлық жағымды жақтарын қамтамасыз ету үшін адамдар арасында қалыптасатын өзара тәуелділік байланыстарының маңыздылығына ерекше тоқталған. Атап айтқанда: қауіпсіздік, жұмыспен қамтудың» маңыздылығын атап көрсетеді (Вебер, 1990). Мұндай ұжымдық өзара іс-қимыл саяси және әкімшілік жағынан да, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да тиімді болуы мүмкін, егер әлеуметтік бірлік шынайы болса және бүкіл қауымға пайда әкеле алады.

 

Осындай үлкен ғылыми ұстанымды бүгінгі Түркістан облысы әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуіндегі «…Кентау жастар қаласы» деп ерекше тоқталуына немесе қалаға «қоғамды қалыптастыруға» мүмкіндік беретін төрт факторды анықтай алғанын аңғардым. Олар: Біріншіден, қаланың экономикалық әлеуеті; екіншіден, қауіпсіз қала, үшіншіден, жастарға өз жобаларын іске асырудағы еркіндік пен бастамашылдық негізі бола алатын өндірістік оқу орталықтарын қайта жаңғыртудағы өңірді дамыту концепциясы; төртіншіден, бауырластық, яғни азамат сөзінің өзі қалалық өзара әрекеттесудің белгілі бір формасына сәйкес келеді, құқықтар мен міндеттерді қалыптастырады, атап айтқанда, қаланы қорғау міндеті.

Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы»КММ директоры

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *