АТҚАРУШЫ ХАТШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Возможно, это изображение (17 человек, люди стоят и в помещении)
Бүгін облысымыздың бір топ зиялы қауым өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен кездестік. Кездесу еркін рәуіште өтті. Хатшы партияның жаңару, жандану аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, еркін форматта пікір алмасты.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған елімізге белгілі сазгер, профессор, ұстаз Бекжігіт Сердәлі партияның жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар өзекті мәселелерді оның ішінде талантты жастарды қолдау, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, ән, күй сапасын жақсарту мақсатында шығармашылық кеңес құру сынды ұсыныстарын жеткізді.
«Ұлы дала елі» орталығының директоры Гүлжанат Дүйсенбаева рухани астанамыздағы мәдени ошақтардың жұмысын баяндап, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың Түркістан қаласынан арнайы мұражайын ашу қажеттігін көтерді. Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі. Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Төреқұлов Түркістанның тумасы, бүкіл қазақ халқының ортақ перзенті.
Қазақтың ақтангері атанған айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков партияның аймақтық филиалдарының жұмысын оңтайландыру, қызметкерлердің жалақысын көтеру, қоғамдық қабылдау бөлімшелерінде заңгер-кеңесші мамандардың қатарын арттыру сынды ұсыныстарын тілге тиек етті.
«Сақ» киностудиясының президенті, елімізге танымал аниматор Нұриддин Пәттеев бала тәрбиесіне ықпал ететін тарихи, қазақы мултипикациялық және көркем фильмдерді көптеп түсіру, осы салада еңбек етіп жатқан мекемелерге мемлекет тарапынан қолдау, демеу қажеттігін көтерді.
Жалпы, кездесуде баспанамен қамту, жастарға қолдау көрсету, туризмді дамыту сынды кең ауқымды мәселелер талқыға салынды. Жиынды қорытқан атқарушы хатшы тілге тиек етілген мәселелелерді назарда ұстап, келешекте шешілуіне ықпал етуге, ұсыныстарды тіпті жазбаша түрде де қабылдауға әзір екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *