«ҚАЗЫҒҰРТ» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

«ҚАЗЫҒҰРТ» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы «Қазығұрт» өндірістік кооперативіне жұмыс сапарымен арнайы барды. Өндірістік кооператив — азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізденген ерікті бірлестігі болып табылады.

«Қазығұрт» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Ұжымға тиесілі 3000 гектар егістік жер бар. Бүгінгі таңда кооператив қарамағында 50 адам жұмыс істейді. Кооператив төрағасы Талғат Мекенбайұлының айтуынша, былтырғы жылы 840 га бидайдың орташа түсім 18 цн, 300 га арпаның, орташа түсім 13 цн, 1050 га мақсарының орташа түсім 12 цн болған. Өндіріс орнының меншігінде 4 дана К-700 тракторы, 4 дана Беларусь тракторы, 3 дана астық комбайндары бар.

Аралау барысында кооперативтің тыныс-тіршілігімен, жоспарларымен танысқан аудан басшысы аграрлы аймаққа жататын таулы өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға жылда ерекше назар аударатынын жеткізді. Сонымен қатар ұжымның алдағы атқаратын жұмыстарына табыс тіледі.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *