Ең арзан пойыз билеті көпшілікті таң қалдырды

«Түркістан-Шымкент» жедел пойызының маршруты іске қосылды. Билет құны 609 теңгені құрайтын жедел көлік жолаушыларды 2,5 сағатта жеткізеді. Өңір тұрғындарының игілігіне берілген сенімді тұлпардың алғашқы жолаушыларының қатарында біздің де әріптестеріміз болды.

Барлығы 175 жолаушыны тасымалдайтын пойыз 2 вагоннан тұрады. 2012 жылы Польшада шыққан жедел пойыз енді Шымкент және Түкістан халқын аптасына 2 рет тасиды. Дүйсенбі күні Шымкенттен таңғы 5:45-те жол жүрсе, жұма күні кешкі 19:45 — те Түркістаннан шығады.

Пойыздың алғашқы жолаушыларының бірі Досмағанбет Есжан. Жасы 80-нен асқан атамыз Түрікстаннан Шымкентке немерелерімен келеді. Талай жылдан бері жолды кіші автобустармен тоздырдық деген қария енді емін-еркін жол жүретініне қуанышты. Іші кең ауасы таза жедел пойыздың бірінші жолаушылары бұдан кейін де темір жолмен қатынайтындарын айтуда.

Досмағанбет Есжан, жолаушы: «Қиналмай, кәдімгі өзіміздің үйімізде демалып келгендей болдық. Тып-тыныш. Немерелерім де әбіржіген жоқ, кемпірім де әбіржіген жоқ. Мен де қиналған жоқпын. Іші таза барлық жағдай жасалған. Жуынатын жері де таза екен. Дүйсенбі күні жұмысқа баратындар мен студенттерге жақсы болды. Халыққа ыңғайлы».

Айта кетейік, Еуропада өндірілген жол көлігі тек қарапайым жолаушылар үшін ғана қолайлы емес. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалған. Жол бойында тек бір рет тоқтайтын пойыз бағытында Арыс тұрғындары да өз мекендеріне жете алады.

Назерке Үкібасова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *