Мас күйінде көлік жүргізген…

«Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында 300-ден астам жол ережесін бұзушылық анықталды. Түркістан облысының аумағында ПД-нің Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық көлік құралдарының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермеу, жолаушылар мен багажды тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтауды қамтамасыз етіп, бағыттарда заңсыз жолаушы тасымалдау жайттарының жолын кесу.

Іс-шараға шамамен 400-ге жуық жол-патрульдік полиция қызметкерлері және басқа да салалық құрылымдар жұмылдырылды. «Автобус» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерімен Жол көлік ережесін бұзған 320 құқықбұзушылықты анықтады. Соның ішінде зиянды қалдықтармен экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзудың 10 жайты анықталды.

Түркістан облыстық ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ұялы сымтетік пен радиостанцияны пайдаланғаны үшін 89 жүргізушіні, 53 жүргізуші жол қозғалысы қағидасын бұзған, жылдамдықты асырғаны үшін 24 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Техникалық байқаудан өтпеген 55 жайтты және мас күйінде көлік айдаған 1 жайтты анықтады.

Одан бөлек, тәртіп сақшылары заңсыз тасымалдаумен айналысқан 12 жайтты, жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда белгіленген ережелерді сақтайтын келісімшарттың болмаудың 9 жайтын және лицензия стандарттарын бұзудың 2 жайты, еңбек және демалыс режимінің бұзылудың 1 жайты, 23 жүргізушіде азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру құжаты болмағаны анықталды. Сондай-ақ, жол ережесін бұзған 3 автобус айыптұраққа орналастырылды.

Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *