Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындылары туралы есеп берілді. Мұндай тапсырма 2019 жылғы 2 қыркүйекте Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауында берілген болатын.

Есеп комитеті басшысының мәліметі бойынша, шешілуі тиіс қордаланған мәселелер мен кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, экономикадағы квазимемлекеттік сектордың үлесі азаймай тұр. Ондағы компаниялар айтарлықтай дәрежеде республикалық бюджеттің қолдауына тәуелді.

Наталья Годунованың айтуынша, сатып алулар кезіндегі рәсімдерде әлі де ашықтық жоқ. Шарттардың дені бәсекелестік жолмен жасалмайды. Есеп комитеті аудит жүргізіп, осы мәселенің нақты себептерін анықтауы керек.

Есеп комитетінің басшысы Қазақстан Президентінің қарауына ұлттық холдингтерді, соның ішінде квазимемлекеттік сектордың кейбір компанияларын жабу мақсатында оңтайландыру туралы ұсыныс енгізді.

Жалпы, Президент Есеп комитетінің жұмысына оң баға берді.

https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/memleket-basshysy-respublikalyk-byudzhettin-atkaryluyn-bakylau-zhonindegi-esep-komitetinin-toraiymy-natalya-godunovany-kabyldady-1

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *