Өзбекстан да сыртқы қарызға белшесінен батып отыр

Өзбекстан да сыртқы қарызға белшесінен батып отыр

Өзбекстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан асты.

Сурет : Yasin Akgul (AFP)11 Қыркүйек 2020, 16:05

10 қыркүйекте Өзбекстанның қаржы министрлігі 2020 жылдың алты айындағы мемлекет қарызы туралы есеп жариялады, деп хабарлады zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметі бойынша, биыл 1 шілдеге дейін Өзбекстан мына ұйымдарға қарыз:

Азия даму банкі — 3,9 миллиард доллар;

Дүниежүзілік банк — 3 миллиард доллар;

Эксимбанк Кытай — 2 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігі — 1,7 миллиард доллар;

Қытайдың мемлекеттік даму банкі — 1,3 миллиард доллар;

Халықаралық инвесторлар — 1 миллиард доллар;

Ислам баму банкі — 0,8 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік банкі — 0,4 миллиард доллар;

Басқа да қаржы институттары — 3,2 миллиард доллар.

Есепке сәйкес, Өзбекстан үкіметінің қарызы 19,4 млрд доллар болды. Бұл — республиканың жалпы ішкі өнімінің 34 пайызы.

Биыл алты айда Өзбекстанның сыртқы қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Республиканың ішкі қарызы 2,1 миллиард долларға көбейген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *