Air Astana Ташкентке тұрақты рейстерді жандандырады

Air Astana Ташкентке тұрақты рейстерді жандандырады

Өзбекстаннан келген жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тесттен немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі керек.

Сурет : abilet.kz8 Қыркүйек 2020, 15:25

2020 жылдың 11 қыркүйегінен бастап «Эйр Астананың» Алматыдан Ташкентке ұшатын тікелей рейстері қайта іске қосылып, әрі қарай бейсенбі күндері аптасына бір рет орындалады, деп хабарлады zakon.kz.

Өзбекстанға келген барлық жолаушылар коронавирус жоқтығын растайтын анықтамасын ұшып шыққанға дейінгі 72 сағаттан аспай алуы керек, сондай-ақ, Ташкентке келгенде 14 күндік карантинде болуы тиіс (үйде немесе қонақ үйде өз есебінен).

Өзбекстаннан келген жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тесттен немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі керек. Егер Қазақстанға кіргенде осындай анықтаманы алғанына 5 күн өтпеген жағдайда, оны Қазақстанда қайта алдырудың қажеті жоқ.

Карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан аумағына кіру үшін шетелдік азамат Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта бастаған елдің азаматы болып, осы елден тікелей рейспен ұшып келуі немесе Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес келуге рұқсаты болуы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *