ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ МОБИЛЬДІ ТОП МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІН ҚАДАҒАЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ МОБИЛЬДІ ТОП МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІН ҚАДАҒАЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

slider

    Түркістан облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған 104 жұмысшы топ Жаңа жыл мерекесі қарсаңыңда карантин талаптарын қадағалауды күшейтпек. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

   Мобильді топ құрамында – аудан, қала әкімдігі, кәсіпкерлік палатасы, полиция басқармасының қызметкерлері және еріктілер бар.  Бүгінгі күнге жалпы  579 отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылған.  Заңды өрескел бұзған азаматтарға әкімшілік  шаралар көріліп, айыппұлдар салынған.

   «Негізінен 5 шілде мен 29 желтоқсан аралығында 45 465  нысанға рейдтік шара ұйымдастырылып, 5229 хаттама толтырылған. Оның ішінде, ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1-тармағымен 5051 жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде (210  475 170 теңге), 104 жеке кәсіпкерге 33 224 880 теңге көлемінде, 12 заңды тұлғаға 3 833 640 теңгеге , 62  лауазымды тұлғаға 230 АЕК мөлшерінде (19 807 140 теңге), барлығы  267 340 830 теңге айыппұл салынған»,- деді ол.

         Облыстың бас санитариялық дәрігері әлемде болып жатқан пандемияға байланысты, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере Жаңа жыл мерекесін ұжымдық отырыстарсыз шағын отбасылық ортада қарсы алуға кеңес береді. Ең бастысы, мерекелік дастарханда тамақтан уланудың алдын алу шараларын ескеруге шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *