Шымкент қаласында полицейлер сейфке ұрлыққа түскен ұрыны қолға түсірді

1 қараша күні таңертеңгі уақытта аудандық Полиция басқармасына пәтерінен жалпы сомасы шамамен 800 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдары мен ақшалай қаражаты ұрланғанын анықтаған қала тұрғынынан арыз түскен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Тергеу амалдары барысында қылмыскер бұдан бөлек осыған ұқсас аса ірі көлемдегі 4 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылған.

Шымкент қаласының Полиция депаратменті Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *