Нығматулин: Қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігін көрсетуге міндетті болмайды

Нығматулин: Қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігін көрсетуге міндетті болмайды

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында осы мазмұндағы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сурет : Ж.Құспанов2 Желтоқсан 2020, 17:50

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырыс өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды. Атап айтқанда, депуттардың бастамасымен әзірленген жол жүрісі мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады zakon.kz.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, заң жобасында жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы құжатты жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, қазіргі ақпараттық технологиялар кеңінен дамыған цирфлық кезеңде жүргізушілерден тиісті құжаттарды талап ету, ол – қажетсіз.

Себебі, полиция жүргізуші мен оның көлік құралы туралы барлық қажетті ақпаратты жеке куәлік негізінде электрондық мәліметтер қорынан таба алады.
Айта кету керек, түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *